Accessibility links

Царнаев өлім жазасына кесілетін болды


Бостон марафонындағы жарылыстарға айыпты деп танылған Джохар Царнаев.

Бостон марафонындағы жарылыстарға айыпты деп танылған Джохар Царнаев.

Бостондағы 2013 жылғы марафон кезінде болған жарылыстарға айыпты Джохар Царнаевқа қарсы сот процесінде алқа соты оны өлім жазасына кесу қажет деген шешім шығарды.

12 мүшеден тұратын алқа соты мұндай шешім шығару үшін барлығы бірауыздан осы үкімді құптау керек еді. Ондай болмаған жағдайда Царнаев автоматты түрде мерзімінен бұрын босамайтындай шартпен өмір бойына бас бостандығынан айырылатын болған.

13 мамырда адвокаттар мен айыптаушы тарап қорытынды сөзін сөйлегеннен бері талқыланған сот шешімі 15 мамырда шығарылды.

Енді сот үкімін округтік судья Джордж О’Тулл түпкілікті жариялауы керек.

Бір жылдың ішінде аппеляцияға беруге болатын үкім инъекция жолымен орындалатыны хабарланған.

Мұның алдында прокурор Стив Мелин алқа сотына 21 жастағы Царнаевтың іс-әрекеті өлім жазасына лайық деп мәлімдеген. Ол Царнаев саяси мәлімдеме жасау үшін құрбандарына барынша зардап тартқызғысы келді және жарылыстардан кейін қылмысына ешқандай да өкініш білдірмеді деген.

Царнаевтың адвокаты Джуди Кларк алқа сотын Царнаевқа аяушылық танытуды сұрап, оны ағасы Тамерлан Царнаевтың ықпалына түсіп қалғаны болмаса, негізі "жақсы бала" деп атады.

2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафоны аяқталар тұста болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG