Accessibility links

Қазақстан жасақтары ҰҚШҰ жаттығуына қатысып жатыр


ҰҚШҰ (ОДКБ) елдерінің тулары. (Көрнекі сурет)

ҰҚШҰ (ОДКБ) елдерінің тулары. (Көрнекі сурет)

"15 мамыр күні «Харбмайдон» (Тәжікстан) полигонында әскери жаттығуға барған Қазақстан жасақтары Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) қарулы күштері командованиесі қарамағына уақытша өткізілді" деп хабарлайды Қазақстан қорғаныс министрлігі.

Қазақстан әскерилерін уақытша басқаруға қабылдап алу рәсіміне ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа қатысқан.

ҰҚШҰ жаттығуына келген мүше елдердің жасақтарын шара аяқталғанша Тәжікстан қарулы күштерінің өкілі басқарады.

Украина дағдарысы мен Қырым аннексиясынан (2014 жылдың наурызы) кейін Кремль мен Батыс елдерінің қарым-қатынасы нашарлап, Ресейге қарсы санкциялар салынды.

2014 жылы 6 қараша күні "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) НАТО-мен диалогты тоқтататынын" осы ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеген еді. Оның сөзінше, "диалог орнату жұмыстары НАТО-ның жаулық әрекеттері үшін тоқтатылған".

Алайда Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастыққа ҰҚШҰ-ның бұл әрекеті әсер еткен жоқ. Қазақстан мен НАТО біріккен әскери оқу-жаттығу шараларын өткізіп келеді.

XS
SM
MD
LG