Accessibility links

Украина СССР символдарына тыйым салды


Белсенділер Ленин ескерткішін құлатып жатыр. Украина, Харьков, 28 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Белсенділер Ленин ескерткішін құлатып жатыр. Украина, Харьков, 28 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина президенті Петр Порошенко Украинада СССР мен коммунистік насихат символдарына тыйым салатын заңға қол қойды.

Бұл туралы Порошенко әкімшілігі 15 мамыр күні мәлімдеме жасады. Онда "1917-1991 жылдары аралығында билік жүргізген коммунистік үкімет қылмыскер деп танылғаны" айтылған.

Бұл заң бойынша елдегі СССР дәуірінен қалған символдар, соның ішінде Владимир Ленин ескерткіштері жойылады.

Жаңа заңмен фашистік Германия символдарына да тыйым салынған.

Бұл заң сәуір айында Украина парламентінде қаралған шақта Ресей тарапынан сын айтылған. Оған жауап ретінде Киев Кремльдің советтік символдарды өз мүддесіне бұрмалап пайдаланатынын, Екінші дүниежүзілік соғыс жайында да жалған аңыздар шығарып, оны Украинаға қарсы қолданғанын мәлімдеген.

Украина Ресейдің Қырым түбегін аннексиялап алғанын және шығыс аймақтарындағы сепаратистерді қолдап отырғанын айыптайды. Украинаның шығысындағы қақтығыстан осы кезге дейін 6 мыңнан аса адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG