Accessibility links

Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттель жұма күні біржынысты некесін қиды. Ол сөйтіп Еуропа Одағындағы осындай некеге отырған алғашқы саясаткер болды.

2013 жылдан бері премьер қызметін атқарып келе жатқан 42 жастағы Беттельдің жұбайы бельгияилық архитектор Готье Дестне мырза. Олардың некесі елде біржынысты некеге рұқсат берілгеннен бірнеше айдан кейін қиылып отыр.

Беттель – әлем лидерлерінің ішінде осындай некеге отырған екінші саясаткер. Оның алдында (2010) біржынысты некеге Исландия үкімет басшысы болған Йоханна Сугурдардоттир ханым отырған еді.

XS
SM
MD
LG