Accessibility links

Велосаяхатшы Сағымбаев Қазақстанға оралды


Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев саяхат кезінде (Сурет саяхатшының жеке мұрағатынан алынды).
Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев саяхат кезінде (Сурет саяхатшының жеке мұрағатынан алынды).

Бүгін, бір жылдан астам уақыт бойы велосипедпен Еуразия, Оңтүстік Америка мен Австралияны аралаған велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев Алматыға оралды.

Оны ата-анасы, туыстары, әріптестері мен достары күтіп алды.

Велосаяхатшының айтуынша, ол 380 күннің ішінде 23-тен астам елде болып, 170 жуық қала мен 200-ден астам шағын ауылдарды аралаған.

Сағымбаев 2014 жылы 1 мамыр күні Алматыдан велосипедпен Bike The Earth деп аталатын саяхатын бастаған еді. Саяхат кезінде ол Лаос, Камбоджа, Таиланд елдерін аралап шыққан. Саяхатшы Камбоджада жергілікті балаларға ағылшын тілін оқытып, Лаостағы бірнеше тайпалардың қонағы болған. Эквадордағы Сumbre Rucu Pichincha шыңына шығып, Колумбияның Богота, Кали қалаларында Латын Америкасының мәдениетімен танысқан. Наурыз-сәуір айларында Қытайды аралап шыққан.

Велосаяхатшы Азаттық тілшісіне бір жылдай демалатынын, келесі саяхатын осы демалысынан кейін жоспарлайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG