Accessibility links

АҚШ шабуылынан ИМ жетекшілерінің бірі қаза тапты


ИМ туы. (Көрнекі сурет)

ИМ туы. (Көрнекі сурет)

Ақ үй "АҚШ әскерінің рейді кезінде Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы жетекшілерінің бірі қаза тапқанын" мәлімдеді.

Мәлімдемеде "16 мамыр күні Барак Обама рейд жүргізуге бұйрық берді. Осы шабуыл кезінде ИМ-нің мұнай мен газ сататын қаржылық жетекшісі Абу Сайяф қаза тапты" деп жазылған.

Reuters-тің ақпаратына қарағанда, бұл шабуыл - Сириядағы былтыр америкалық және шетелдік кепіл тұтқындарды босату операциясы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін жасалған сәтті шабуыл.

Ақ үйдегі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Бернадетт Михан ханым "операция Ирактан басқарылғанын және ол Ирак билігімен толық келісілген түрде іске асырылғанын" айтты. Ол Ақ үй өзінің ИМ-ге қарсы әрекеттерін Сирия билігімен келіспейтінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG