Accessibility links

ИМ бекінген Рамадиге Ирак қосымша әскер жіберді


ИМ содыры. (Көрнекі сурет)

ИМ содыры. (Көрнекі сурет)

Ирак әскерилері "Ислам мемлекеті" (ИМ) содырлары бекінген Рамади қаласына қосымша әскер жібергенін мәлімдеді.

Ирак әскері шенеунігі 16 мамыр күні осы елдің мемлекеттік телеарнасына "15 мамырдан бастап Ирак әскеріне аспаннан қолдау көрсеткен АҚШ бастаған коалиция күштері ИМ шебіне соққы бергенін" хабарлады.

Генерал Саад Ибрагим Маан Рамадидегі ұрыстың қалай жүріп жатқанын егжей-тегжейлі айтпады. Алайда ол "ИМ содырлары бүгін-ертең қаладан қуылады" деп мәлімдеді.

16 мамыр күні ИМ содырлары Анбар провинциясындағы Рамади қаласына бекінгені хабарланған еді. Олар қаладағы мемлекеттік мекмелердің ғимараттарын басып алған. ИМ-нің бұл әрекеті содырлармен ұзақ уақыт соғысып жатқан Ирак үкіметіне ауыр тиді. Өйткені үкімет елдің үштен бір бөлігін ИМ содырларынан босата алмай отыр.

XS
SM
MD
LG