Accessibility links

Йеменде әуе шабуылдары қайта жалғасты


Аден қаласындағы шииттік хусит көтерілісшілері. Йемен, 14 мамыр 2015 жыл.
Аден қаласындағы шииттік хусит көтерілісшілері. Йемен, 14 мамыр 2015 жыл.

Сауд Арабиясы бастаған әскери коалиция бес күндік уақытша бітімнен кейін Йемен территориясындағы шииттік хусит көтерілісшілері позицияларына әуе соққыларын қайта жалғастырды. Йемен билігінің мәліметі бойынша, шабуылдар хуситтердің Аден қаласы әуежайы ауданындағы позицияларына берілген.

17 мамырда Сауд Арабиясында Йемен өкілдерінің қатысуымен осы елдің болашағына қатысты келіссөз өткен. Шиит көтерілісшілері келіссөзге қатысқан жоқ. Хуситтер келіссөздің басты мәселесі - қуғындағы президент Абд Раббу Мансур Хадиді билікке қайта келтіруге және келіссөздің өтетін жеріне қарсы болған.

БҰҰ-ның Йемендегі өкілі Улд Шейх Ахмед екі тарапты да уақытша бітімді ұзақ мерзімдік бітімге айналдыруға шақырған. Коалиция хуситтерге қарсы наурыз айынан бері соққы жасап жатыр.

XS
SM
MD
LG