Accessibility links

Киев: Ресейдің екі сарбазы қолға түсті


Донецк қаласында жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 5 мамыр 2015 жыл.

Донецк қаласында жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 5 мамыр 2015 жыл.

Украин әскерилері Украина шығысында ресейшіл сепаратистер жағында соғысып жүр делінген екі Ресей сарбазын қолға түсіргенін хабарлады.

Украина әскерилерінің өкілі Андрей Лысенко 17 мамырда әскери іс-қимылдар жүріп жатқан аймаққа жақын Счастье қаласында тұтқынға алынғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір екі сарбаз тергеліп жатыр.

Ресей Украина шығысына әскер жібергенін жоққа шығарғанымен, Донецк мен Луганск облыстарында сепаратистер жағында Ресей азаматтары соғысып жүргенін мойындайды.

Украина парламентінің депутаты Антон Геращенко 17 мамырда Facebook желісіне "ресейлік екі сарбаздың" бірінен жауап алу кезінде түсірілген видеоны салды. Жауап кезінде өзін Ресейдің Тольятти қаласынан шыққан сержант Александр Александров деп таныстырған сарбаз екеуінің Ресейдің элиталық арнайы күштерінің өкілдері екенін өзін айтады.

XS
SM
MD
LG