Accessibility links

Виктория Нуланд Мәскеуде келіссөз өткізеді


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд. Киев, 16 мамыр 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд. Киев, 16 мамыр 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Виктория Нуланд бүгін Ресей сыртқы істер министрлігінде ресейлік жоғары шенді дипломаттармен кездеседі. Кездесуде Украинадағы жағдайға қатысты мәселелер талқыланбақ.

Ресей сыртқы істер министрлігі кездесу күн тәртібінде Украина дағдарысы тұрғанын растады. АҚШ мемлекеттік департаменті келіссөзде Донбасстағы қақтығысты бейбіт реттеу туралы Минск келісімін орындау жайы талқыланатынын хабарлады.

Мәскеуге келмес бұрын Нуланд Киевте Украина президенті Петр Порошенкомен кездескен. Киевтегі келіссөзден соң ол АҚШ Минск келісімінің орындалуына күш салатынын мәлімдеді.

Бірнеше күн бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен және және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен екі жақты қарым-қатынастарды дамыту жайын талқылаған.

XS
SM
MD
LG