Accessibility links

Тегеран келісімнен соң мұнай экспортын ұлғайтпақ ниетте


Иран ұлттық мұнай компаниясы нысандарының бірі. (Көрнекі сурет).
Иран ұлттық мұнай компаниясы нысандарының бірі. (Көрнекі сурет).

Тегеран әлемдік державалармен келіссөз жасалғаннан кейін үш айдың ішінде Иран экспорттайтын мұнай көлемі осы елге санкция салынғанға дейін экспортталған мұнай көлеміне жететінінен үмітті. Бұл жайында бүгін Малайзияда өтіп жатқан Азия мұнай және газ конференциясында Reuters агенттігіне Иранның мұнай өнеркәсібі министрі Рукнеддин Джавади мәлімдеді. Бір жағынан Иран ұлттық мұнай компаниясының (NIOC) атқарушы директоры болып қызмет істейтін Джавади Иран "санкцияға дейін экспорттаған мұнай көлеміне қол жеткізе алатынынан" үмітті екенін білдірген.

Джавадидің сөзінше, Тегеран санкциядан соң тәулігіне 2,5 миллион баррель мұнай экспорттауды жоспарлайды.

Тегеран мен әлемнің алты жетекші державасы маусымның соңына дейін Иранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне осы елге салынған экономикалық санкцияларды жеңілдетуді, оның ішінде мұнай экспортына салынған эмбаргоны жоюды қарастыратын түпкілікті келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG