Accessibility links

Екі облыста нөсер жауыннан жол жабылды


Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Қарағанды және Қызылорда облыстарында жолды нөсер жауын суы шайып кетуіне байланысты жолдардың кейбір бөліктерінде көлік қозғалысы шектелді.

Қарағанды облысында Қызылорда-Павлодар жолының 216-424 километрі аралығында - Қызылорда облысының Қызылорда облысымен шекарадан бастап Жезқазғанға дейін барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды.

Қызылорда облысында Қызылорда-Павлодар жолының 12-216 километрі аралығында, яғни Қызылорда қаласынан Қарағанды облысымен шекараға дейінгі аралықта да көлік қозғалысына шектеу салынған.

Соңғы күндері Қазақстанның бірнеше облысында нөсерлетіп жауын жауған. Астанада өткен демалыс күндері нөсер жауыннан бірнеше көше жабылды. Атырауда өткен аптада нөсер жауыннан ондаған үйді су басып, жүздеген адам көшірілді. Алматыда 16 мамырда күшті жел тұрып, қалада ағаштар мен түрді конструкцияларды құлатты. Желден электр сымдары үзіліп, кейбір аудандарда уақытша электр қуаты ажырады.

XS
SM
MD
LG