Accessibility links

Македония: Оппозиция үкіметке қарсы шеруді жалғастырмақ


Скопьеде үкіметке қарсы шерушілер үкімет үйі алдына шатыр тігіп жатыр. Македония, 17 мамыр 2015 жыл.

Скопьеде үкіметке қарсы шерушілер үкімет үйі алдына шатыр тігіп жатыр. Македония, 17 мамыр 2015 жыл.

Македония астанасы Скопье қаласында үкіметке қарсы шерушілер премьер-министр Никола Груевски отставкаға кетпейінше демонстрацияны жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Азаттықтың Скопьедегі тілшісінің хабарлауынша, 17 мамырда өткен үкіметке қарсы шеруге 40 мыңнан астам адам қатысқан.

Македония социал-демократиялық одағы партиясы бастаған оппозицияшыл партиялардың шеруі министрлердің сайлаудағы бұрмалаушылығы туралы жазбалар жарияланғаннан кейін басталған. Билікте 2006 жылдан бері отырған Груевски сайлауда заң бұзылғаны туралы айыптауларды жоққа шығарды.

Шерушілердің көпшілігі 18 мамырға қараған түні үйлеріне тараған. Бірақ оппозицияның жүздеген жақтасы қарсылықты жалғастыра беру үшін үкімет үйінің алдына шатыр тігіп жайғасты.

Бүгін Скопьеде Груевскидің жақтастары өз шеруін өткізуді жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG