Accessibility links

Іле Алатауында әскери жаттығу өтіп жатыр


Қазақстандық әскерилер Алматы облысындағы полигонда әскери жаттығу кезінде. 17 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстандық әскерилер Алматы облысындағы полигонда әскери жаттығу кезінде. 17 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Іле Алатауы тауларында Қазақстан құрлықтағы әскерінің арнайы жасағы сарбаздары таулы жерлерде әскери ұрыс жүргізу тактикасын меңгеру үшін екі күндік жаттығу өткізіп жатыр деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігі. Таудағы "Тұйықсу" оқу орталығында өткізіліп жатқан жаттығуға қарулы күштердің жүзден астам сарбазы қатыстырылып жатыр.

Команда басшысы аға лейтенант Мақсұт Жұмаевтың айтуынша, жаттығу әскери дағдыны жетілдіріп, арнайы бөлімшелер арасында тәжірибе алмасу үшін өте маңызды. Министрлік ақпаратында жаттығудың мақсаты арнайы жасақ бөлімінің тауда ұрыс жүргізу және қолайсыз ауа-райы кезінде әрекет ету дайындығын тексеру екені айтылған.

XS
SM
MD
LG