Accessibility links

Қазақстан хоккейшілері Ресеймен бір топқа түсті


Қазақстан хоккей құрамасы.

Қазақстан хоккей құрамасы.

2016 жылы Ресейде өтетін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталы тобының жеребесі тартылды.

Бұл чемпионатқа қатысатын Қазақстан құрамасы Ресей, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия және Даниямен В тобына түсті.

Ал А тобында Канада, Финляндия, Словакия, Белорусь, Франция, Германия, Венгрия ойнайды. Канада құрамасы 17 мамырда Чехияда аяқталған әлем біріншілігінің финалында Ресейді 6:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Ресейдегі әлем чемпионаты 2016 жылы 6-22 мамыр аралығында өтеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG