Accessibility links

Рыпакова Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама алды


Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова.

Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова.

Үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Қытайдың Шанхай қаласында өткен Diamond Leauge (Бриллиант лигасы) жарысының екінші кезеңінде қола медаль алды.

Шанхайда өткен жарыста Рыпакова 14,38 метрге секірді. Алтынды колумбиялық Катерин Иваргуен (14,85), күмісті украиналық Ольга Саладухаға (14,62) иеленді.

Осы жетістігінен кейін Рыпакова 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға жолдама алды. Бұл Қазақстан спортшысының карьерасындағы үшінші олимпиада болмақ. Рыпакова осыған дейін Пекин және Лондон олимпиадаларына қатысқан. 2012 жылы Лондон олимпиадасында ол 14,98 метрге секіріп, чемпион атанған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG