Accessibility links

Павлодарда «Версия» газетінің бас редакторы ұсталды


Павлодар облыстық «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин екі айға қамауға алынған. Бұл туралы Азаттыққа мамырдың 18-і күні басылым журналистері хабарлады. Айтуларынша, 38 жастағы бас редакторды қамауға алу туралы үкім Павлодар қаласының №2 сотында мамырдың 16-сы күні шыққан.

- Ярослав журналистік зерттеумен айналысып келген. Ақпан айынан бері
Павлодар бойынша «облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың ұлы қыз зорлады» деген сыбыс пайда болды. Бұл ақпаратты ешкім ресми түрде растаған жоқ. Сондықтан біздің редактор өз жолдары арқылы журналистік зерттеу жүргізді. Біздің білетініміз Ярослав, зорланған қызды тауып, сұқбаттасып, видеоға түсірген. Белгілі болғандай Ярославқа осы істе көмектескен адамдар кейін Қанат Бозымбаевтан ақша талап еткен.
Бопсалауға қатысты қылмыстық іс қозғалып, Ярослав бұл істе куәгер
болып келген. Енді ол күдікті ретінде танылып, қамауға
алынды, - деді «Версия» газетінің тілшісі Тамара Абубакарова.

Бұл іске қатысты Павлодар қаласының №2 сотына хабарласқанымызда,
соттың баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева өздерінің «ешқандай мәлімет бере алмайтындығын» айтты.

Қазір «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин Павлодар
қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

XS
SM
MD
LG