Accessibility links

Шымкенттіктер Батырхан Шүкеновті еске алды


18 мамыр күні кешкісін Шымкенттегі "Сельджуки" дәмханасында әнші, музыкант Батырхан Шүкеновты еске алу кеші өтті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Кешке жалпы саны жүз шақты өздерін Батырхан Шүкеновтың өнердегі әрі өмірдегі достарымыз деп санайтын адамдар және әншінің тыңдармандары қатысты.

Еске алу рәсімінде марқұмның белгілі әндері шырқалды. Батырхан Шүкеновтың достары ол туралы жылы естеліктер айтты.

Қазақстан мен Ресейге кең танылған әнші, музыкант Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында - биылғы 28 сәуірде Мәскеуде кенеттен қайтыс болған еді. 18 мамыр оның туған күні еді.

XS
SM
MD
LG