Accessibility links

Иракта шиит жасақтары Рамадиге шабуылдамақ


"Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының қолына өткен Рамади қаласындағы аудандардың біріне содырдың ұйым туын тігіп жатқаны туралы видеодан скриншот. 18 мамыр 2015 жыл.
"Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының қолына өткен Рамади қаласындағы аудандардың біріне содырдың ұйым туын тігіп жатқаны туралы видеодан скриншот. 18 мамыр 2015 жыл.

Ирактың кеше "Ислам мемлекеті" содырларының қолына өткен Рамади қаласы маңына қарсы шабуыл жасауға мыңдаған шиит жасақтары барды. Бұған дейін Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади бұл шииттік жасақтарды сүнниттер басым тұратын Рамадиге жіберуден тартынып келген.

Кейбір ақпараттар бойынша, шииттік жасақтар Рамадиден 20 километр қашықтықтағы Хаббания базасында толық әскери дайындықта тұр. Анбар провинциясы билігінің мәлімдеуінше, Рамадидің "Ислам мемлекеті" содырлары орныққан аудандарын азат ету операциясына үш мыңға тарта сарбаз қатысады. Ал Рамадиден Хаббания базасына жақын маңдағы елді мекенге қарай "Ислам мемлекеті" ұйымының бронды техникалары шыға бастаған.

АҚШ бастаған шетелдік коалиция содырлардың позицияларына қарсы бомбалауды күшейткен. Соңғы күндері Рамадидің маңында болған ұрыстардан 500-ге тарта адам қаза тапты. Мыңдаған адам босып кетті.

Содырлардың Рамадиді алуы - "Ислам мемлекеті" ұйымының өткен жылғы жаздан бері тұтқиылдан жасаған шабуылындағы ең ірі жетістігі саналады.

XS
SM
MD
LG