Accessibility links

Киев "ресейлік әскерилерді" терроризммен айыптамақ


Украиналық әскерилер мен журналистер қолға түскен "ресейлік сарбаздар" туралы видеоны көріп тұр. Киев, 18 мамыр 2015 жыл.

Украиналық әскерилер мен журналистер қолға түскен "ресейлік сарбаздар" туралы видеоны көріп тұр. Киев, 18 мамыр 2015 жыл.

Украина билігі елдің шығысында қолға түсірген "сепаратистер жағында соғысқан екі Ресей сарбазына" терроризмге қатысты айып тағуға дайындалып жатыр. Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченконың мәлімдеуінше, екі сарбазға қарсы "террористік әрекет жасады" және "террористік сипаттағы қылмыс жасады" деген айыптар тағылады.

Донбасста ресейшіл сепаратистерге қарсы әскери қимылдарды "антитеррористік операция" деп атайтын Украина билігі ресейлік екі әскер Луганск облысындағы ұрыс аймағында қолға түсті деп хабарлаған. Мәскеу Киев, батыс елдері мен НАТО-ның Ресей сепаратистерге қару-жарақ пен әскер жібереді деген айыптауын жоққа шығарады.

Мамырдың 17-сінде интернетте видео жарияланып, онда тұтқынға алынғандардың бірі тергеу кезінде өзін Ресейдің Тольятти қаласынан келген Ресей қарулы күштерінің сержантымын деп таныстырады.

XS
SM
MD
LG