Accessibility links

Македонияда үкіметті қолдаған шеру өтті


Македония премьер-министрі Никола Груевскиді қолдаған акция. Скопье, 18 мамыр 2015 жыл.
Македония премьер-министрі Никола Груевскиді қолдаған акция. Скопье, 18 мамыр 2015 жыл.

Македония астанасы Скопьеде 18 мамырда премьер-министр Никола Груевскидің ондаған мың жақтасы шеруге шықты. 17 мамыр күні оппозицияның мыңдаған жақтасы Скопьеде үкімет үйі алдында премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп наразылық шеруіне шыққан.

Наразылыққа Никлоа Груевски үкіметі министрлерінің сайлау нәтижелерін бұрмалауды жоспарлағаны туралы аудио жазбалардың жариялануы себеп болған.

Үкіметті қолдаған акцияға оппозиция шеруіне шыққандардың санына барабар адам шықты және акция парламент үйі алдында, үкіметке наразылар тіккен шатырлардан екі километр қашықтықта өтті.

Оппозиция жетекшісі Зоран Заев наразылық танытушыларды үкімет үйі алдындағы қарсылықты "премьер отставкаға кетпейінше" тоқтатпауға шақырды. 2006 жылдан бері билікте отырған Никола Груевски өзі мен үкімет мүшелеріне тағылған айыпты мойындамайды. 18 мамырда ол қызметтен кетпейтінін және берілмейтінін мәлімдеген. Ол бұған қоса Заевті "шетелдік күштердің ойыншығы" деп атаған.

19 мамырда екі саясаткер де Еуропа Одағының арағайындығымен келіссөз өткізу үшін Страсбургке баруы тиіс.

XS
SM
MD
LG