Accessibility links

Нуланд: Минск келісімі күн сайын бұзылады


АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд. Мәскеу, 18 мамыр 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд. Мәскеу, 18 мамыр 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Виктория Нуланд Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы Минск келісімі "күн сайын бұзылатынын" мәлімдеді. Бұл туралы ол 18 мамырда Мәскеуде ресейлік ресми тұлғалармен кездесуінен соң айтты.

Нуланд ақпан айында Минскіде Украина мен ресейшіл сепаратистер арасында қол қойылған келісімді бұза беруді "тоқтату қажет" деп санайды. Америкалық дипломат келісімнің екі тарапты бөліп тұратын айырым сызығының батыс жағында көп бұзылуына көбіне көп ресейшіл сепаратистер айыпты деген пікірін айтты.

Виктория Нуланд қақтығыс аймағына келісімнің орындалуын қадағалау үшін ЕҚЫҰ бақылаушыларын жіберуге шақырды.

17 мамырда Киевтен Мәскеуге барған Нуланд мұнда Ресей сыртқы істер министрі орынбасарлары Сергей Рябковпен және Григорий Карасинмен кездесті. Нуланд келіссөз "жан-жақты және прагматикалық" тұрғыда өткенін және онда АҚШ-тың Минск келісімінің орындалуына қолдау көрсету мәселелері талқыланған.

Өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен.

Нуланд Мәскеуде бұған қоса Ресейдегі құқық қорғау қозғалыстарының ардагері Людмила Алексеевамен де кездесті. Кремль Виктория Нуланд сапарын екі жақты қарым-қатынастардың жақсаруының белгісі деп атаған.

XS
SM
MD
LG