Accessibility links

Қазақстан әскерилері ҰҚШҰ жаттығуына қатысып жатыр


Қазақстан әскерилері ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштері контингентінің кезекті жаттығуы кезінде. Армения, қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Қазақстан әскерилері ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштері контингентінің кезекті жаттығуы кезінде. Армения, қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстандық шабуылдаушы десант бөлімі мен арнайы жасақтары Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасына жақын орналасқан "Харбмайдон" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық жедел әрекет ету күштері (ҰЖӘК) контингентінің бірлескен арнайы жаттығуына қатысып жатыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан қорғаныс министрлігі хабарлады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қорған-Төбе қаласына жақын "Харбмайдон" полигонындағы бүгінгі шартты "қарсыластың" көзін жою операциясының іс-жоспарын бекіткен. "Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қазақстандық контингенті кенеттен берілген дабыл белгісімен сапқа тұрып, тәжік-ауған шекарасына жеткізілді" делінген министрлік ақпаратында.

Тәжікстанда ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштері қолбасшылығы мен бөлімдерінің өзара іс-қимылын үйлестіру және бірлескен арнайы операция өткізуге дайындық 16-18 мамырда өткен. "Арнайы операцияға" дайындыққа Қазақстанмен қатар ҰҚШҰ-ға мүше Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерилері де қатысқан.

XS
SM
MD
LG