Accessibility links

Столтенберг Брюссельде Лавровпен кездеседі


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 18 мамыр 2015 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 18 мамыр 2015 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг бүгін Брюссельде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөз өткізеді.

Associated Press агенттігінің НАТО-ның аты-жөнін атамаған шенеунігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Столтенберг пен Лавров НАТО-Ресей қарым-қатынасын, Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі Минск келісімінің орындалуын талқыламақ.

Сергей Лавров Брюссельге Еуропа кеңесі министрлер комиссиясының жыл сайынғы отырысына қатысу үшін барған.

НАТО мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас Ресей 2014 жылы наурызда Қырым түбегін Украинадан аннексиялап алған соң қырғи-қабақ соғыс кезеңінен бері болмаған деңгейге дейін нашарлап кетті. НАТО Ресейді Украина шығысындағы сепаратистерге әскери қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG