Accessibility links

Туск: Грузия, Молдова, Украина ЕО-ға кіруді армандай алады


Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск.
Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск.

Еуропа кеңесінің президенті Дональд Тусктің сөзінше, Грузия, Молдова және Украинаның Еуропа Одағына кіруді армандауына хақы бар. Бірақ Туск мұндай интеграцияның болашағына қатысты қазір ешнәрсе айтпайтынын жеткізді. Мамырдың 21-22-сінде Ригада өтетін ЕО-ның Шығыс әріптестік елдері саммиті қарсаңында Азаттыққа берген сұхбатында Туск Шығыс әріптестігі бағдарламасы бұл елдерді ЕО-ға кіргізуді ешқашан мақсат етпегенін, бірақ Киев, Тбилиси және Кишиневтің "еуропалық болуды армандауға құқығы барын" айтты.

Ригадағы кездесу қарсаңында үш ел үкіметі ЕО-ны өздерінің одаққа кіруіне қатысты кесімді жауабын бермеді деп айыптаған. ЕО-ның бірқатар мемлекеті Шығыс әріптестігі елдерінің ЕО-ға ұмтылуы туралы тілектерін саммиттің қорытынды қарарына қосуға ниетті емес.

Польша премьер-министрі болып тұрғанында Дональд Туск Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина қатысатын Шығыс әріптестігі бағдарламасын белсенді түрде қолдаған. Туск қазір өзінің ЕО кеңесінің президенті ретіндегі міндеті бұл елдердің болашақтағы үмітіне бақылау жасау екенін айтады.

XS
SM
MD
LG