Accessibility links

Букер сыйлығын Венгрия жазушысы алды


Халықаралық Букер сыйлығы вебсайтының эмблемасы. (Көрнекі сурет).

Халықаралық Букер сыйлығы вебсайтының эмблемасы. (Көрнекі сурет).

Венгриялық жазушы Ласло Краснохорхаи әдебиет саласындағы халықаралық Букер сыйлығына ие болды. Ол ондаған елдің үміткерлері арасында өткен конкурста жеңіп шықты.

Ласло Краснохорхаидың алқашқы жазбасы 1977 жылы жарыққа шыққан. Оның романдары мен новеллалары - оқшауланған әлемде тұратын және ешқандай байыпты келешегі жоқ адамдар туралы антиутопиялық тәмсілдерден тұрады.

Халықаралық Букер сыйлығы екі жылда бір беріледі. Сыйлық ағылшын тілді немесе шығармалары ағылшын тіліне аударылған жазушыға табысталады. 2005 жылы тағайындалған сыйлыққа бұған дейін ие болғандар арасында албаниялық Исмаил Кадаре, нигериялық Чинуа Ачебе және америкалықтар Филип Рот пен Лидия Дэвис бар.

Букер сыйлығының иегеріне 118 мың АҚШ доллары қаржылай жүлде беріледі.

XS
SM
MD
LG