Accessibility links

Қазақстанда ораза 18 маусымда басталады


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы президиумының жиыны. Астана, 20 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы президиумының жиыны. Астана, 20 мамыр 2015 жыл.

Қазақстан мұсылмандары биыл ораза тұтуды 18 маусымнан бастайды деп хабарлады бүгін Астанада өткен жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз. Оның сөзінше, биылғы пітір-садақа мөлшері жан басына былтырғыдай 200 теңгені құрайды.

ҚМДБ төралқа мәжілісінің жиынында мүфтият жұмысына қатысты бірнеше мәселе қаралды. Олардың арасында мүфтият қызметкерлері мен аймақтардағы діни қызметкерлердің киім үлгісі, мешіттердегі тазалық жайы, БАҚ-пен жұмыс істеу, мешіттерге ат қою жайы бар.

Жиында бұған қоса мүфтияттың пәтуалары жарияланатын жаңадан fatua.kz сайтының ашылғаны да айтылды. Серікбай қажы Ораздың сөзінше, бұған дейін облыстағы өкілдіктер жеке пәтуа шығарып келсе, енді пәтуаны мүфтият қана шығарады.

XS
SM
MD
LG