Accessibility links

Қостанай облысында қырылған киік саны 19 мыңнан асты


Киік. (Көрнекі сурет).
Киік. (Көрнекі сурет).

Қостанай облысында қырылған киік саны 19 мыңнан асып кетті деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 мамырдың кешінде 19 мың 231 бас киік өлексесі жойылған. Қырылған киіктерді жою жұмыстарына 515 адам мен 76 техника тартылған.

Бұған дейін қырылған киік саны 10 мыңнан асқаны хабарланған. Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің қырылуына киіктердің ұзаққа созылған қыстан әлсіз шығып, төлдеу науқанында инфекциялық ауруға ұшырауы себеп болуы мүмкін деген болжам жасаған. Қазір мамандар киіктердің қырылуының себептерін тексеріп жатыр. Облыста киіктердің қырылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Бүгін Ақтөбе облысының Ырғыз-Торғай резерватында да қырылған 68 бас киік өлексесі табылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG