Accessibility links

Германия советтік соғыс тұтқындарына өтемақы төлемек


Германия парламенті - Бундестаг отырысы. (Көрнекі сурет).
Германия парламенті - Бундестаг отырысы. (Көрнекі сурет).

Германия бұрынғы советтік соғыс тұтқындарына екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тартқан азабы үшін өтемақы төлеуді жоспарлап отыр.

Германия парламенті - Бундестаг депутаты Ханс-Ульрих Крюгердің сөзінше, парламенттің бюджет комитеті нацистер тұтқынында болған бұрынғы совет сарбаздарына "символдық түрде" өтемақы төлеу үшін 10 миллион еуро бөлуді мақұлдаған. Соғыс аяқталғаннан 70 жыл өткеннен соң төленетін бұл өтемақыны қанша адамның ала алатыны белгісіз.

Парламенттегі Социал-демократиялық партия фракциясының бюджеттік мәселелер бойынша баспасөз хатшысы Ханс-Ульрих Крюгер 1941-1945 жылдары тұтқында Совет Одағының 5 миллион 300 мыңға тарта сарбазы болғанын айтады. Олардың жартысы сол кезде көз жұмған. Совет сарбаздары сол кезде еврейлерден кейінгі саны ең көп тұтқын болған.

Германия сыртқы істер министрі, солшыл социал-демократтар партиясы өкілі Франк-Вальтер Штайнмайер Бундестагтың бұл шешімін құптап, оны "жақсы бастама" деп атады.

XS
SM
MD
LG