Accessibility links

АҚШ әскерилері кезекті құпия шаттлын ұшырды


Америкалық әскерилер X-37B шаттлын тексеріп жатыр. (Көрнекі сурет).
Америкалық әскерилер X-37B шаттлын тексеріп жатыр. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен 20 мамырда Atlas V зымыранымен АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшқышсыз басқарылатын X-37B шағын шаттлы ұшырылды. Бұл - әскери зерттеу бағдарламасы аясында 2010 жылдан бері ұшырылып отырған, құпия төртінші ұшырылым. Қазір құпия шаттл Жер орбитасына шығып барады.

Соңғы ұшырылған X-37B шаттлы ғарышта 675 күн болып, Калифорния штатына қонған. Әскерилер жаңа ұшырылған шаттл ғарышта қанша уақыт болатынын айтпайды. Болжам бойынша, шаттлдың миссиясы жаңа иондық қозғалтқышты тексеру болмақ және аппарат ғарышта бірнеше ай болады.

Пентагон бұдан бес жыл бұрын ұшырылатын шаттлдардың қару-жарақты дамытуға қатысы жоқ деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG