Accessibility links

Ригада "Шығыс әріптестігі" саммиті өтеді


Ригадағы ЕО-ның Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қатысушы елдер саммитіне дайындық. Литва, 19 мамыр 2015 жыл.

Ригадағы ЕО-ның Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қатысушы елдер саммитіне дайындық. Литва, 19 мамыр 2015 жыл.

Ригада бүгін Еуропа Одағының "Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қатысушы постсоветтік алты ел - Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина басшыларының кездесуі өтеді.

"Шығыс әріптестігі" елдерінің бұған дейінгі 2013 жылдың қарашасында Вильнюсте өткен саммитінде Украинаның сол кездегі басшылығы Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюдан күтпеген жерден бас тартқан. Бұл Украинада жаппай наразылық тудырып, оның соңы президент Виктор Януковичтің биліктен тайдырылуына әкеп соққан.

Ригадағы саммит аймақтағы жағдай күрделенген тұста өтіп отыр. Өткен бір жарым жылда Ресей Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Донбасстағы әскери қақтығысқа араласқан. Бұдан соң алты ел билігі Кремльдің империялық пиғылдарының күшеюінен, әскери күш-қуатын қайта-қайта көрсете беруінен қауіптеніп отыр.

XS
SM
MD
LG