Accessibility links

Атамбаев ЕАЭО-ға кіру келісімін ратификациялады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың (сол жақта) Мәскеуге келген беті. 7 мамыр 2015 жыл
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың (сол жақта) Мәскеуге келген беті. 7 мамыр 2015 жыл

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін елдің Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіруі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, қол қою рәсіміне премьер-министр Теміра Сариев, парламент спикері мен жоғарғы сот төрағасы, ЕАЭО-ға мүше елдер - Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елшілері қатысқан.

Алмазбек Атамбаев ратификациялау туралы заңға қол қойған күнді "тарихи күн" деп атап, келісімде "ұлттық мүдделер сақталғанын" айтты.

Қырғызстан осымен ЕАЭО-ға кірудің барлық мемлекетішілік процедураларын аяқтады. Енді ресми Бішкек Еуразия экономикалық комиссиясына тиісті нота жолдайды. Бұдан соң Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы құжатты одаққа мүше төрт ел ратификациялауы тиіс.

XS
SM
MD
LG