Accessibility links

АҚШ бен Ладеннен табылған "құжаттарды" жариялады


"Әл-Қаиданың" 2001 жылы қаза тапқан жетекшісі Усама бен Ладен. 26 мамыр 1998 жыл.
"Әл-Қаиданың" 2001 жылы қаза тапқан жетекшісі Усама бен Ладен. 26 мамыр 1998 жыл.

АҚШ барлау қызметі америкалық арнайы қызметінің ресми өкілдері 2011 жылы "Әл-Қаида" басшысы Усама бен Ладен өлтірілген операция барысында жинады делінген құжаттарды жариялады.

АҚШ арнайы қызметінің мәлімдеуінше, құжаттардың құпиясын ашу туралы шешім президенттің мемлекеттік мекемелер жұмысын ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан барынша ашық етуге шақырғанынан кейін қабылданған. Аранйы қызмет бұған қоса өткен жылы қабылданған "Барлау мәліметтерін жинау туралы актіге" сай құжаттарды тексеріп, жариялауға болатын мәліметтерді шығарған.

Құпия құжаттарға қарағанда, Усама бен Ладен жақтастарын мұсылмандар арасындағы тартысқа араласпай, АҚШ-қа шабуылдауға шақырған. Құжат бойынша, көзі жойылатынына дейін "Әл-Қаида" жетекшісі 2001 жылдың 11 қыркүйегінде жасалған терактілердің 10 жылдығына орай ауқымда медиа кампания жүргізуді, оның ішінде видео үндеу жасауды жоспарлаған.

Құпия құжаттар арасында "Әл-Қаидаға" жаңа қосылатындарға арналған анкета бланкілері бар. Анкеталарда "Жанкештілерге арналған операцияларға қатысқыңыз келе ме?", "Егер ұстанған сеніміңіз үшін азап шексеңіз кімге хабарлайсыз" деген сияқты сұрақтар қойылған.

XS
SM
MD
LG