Accessibility links

Қырылған киік саны 28 мыңға таяды


Қостанай облысындағы Жолоба ауылына жақын жерде жүздеген киік өлекселерінің жанында лағымен бірге жайылып жүрген ұрғашы бөкен. 20 мамыр 2015 жыл.

Қостанай облысындағы Жолоба ауылына жақын жерде жүздеген киік өлекселерінің жанында лағымен бірге жайылып жүрген ұрғашы бөкен. 20 мамыр 2015 жыл.

Қостанай облысында қырылған киік саны 28 мыңға жетті деп хабарлады бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Департамент ақпаратына қарағанда, 20 мамыр күні ғана 8 мың 360 бас киік өлексесінің көзі жойылған.

Кеше қырылған киік саны 19 мыңнан асты деп хабарланған. Киік өлексесін жинап, жою жұмыстарына 500-ден астам техника мен 70-тен астам техника тартылып жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің қырылуына киіктердің ұзаққа созылған қыстан әлсіз шығып, төлдеу науқанында инфекциялық ауруға ұшырауы себеп болуы мүмкін деген болжам жасаған. Қазір мамандар киіктердің қырылуының себептерін тексеріп жатыр. Облыста киіктердің қырылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

20 мамырда Ақтөбе облысының Ырғыз-Торғай резерватында да қырылған 68 бас киік өлексесі табылғаны хабарланған.

Қостанай облысында соңғы рет киіктер 2012 жылдың мамырында қырылған. Ол кезде 922 бас киіктің қырылуына пастереллез ауруы себеп болды делінген.

XS
SM
MD
LG