Accessibility links

Украина парламенті Ресеймен әскери ынтымақтастықты тоқтатты


Украина парламенті - Жоғарғы Рада.
Украина парламенті - Жоғарғы Рада.

Украина парламенті - Жоғарғы Рада Ресеймен әскери ынтымақтастыққа қатысты үкіметаралық бірнеше келісімнің күшін жойды.

Жоғарғы Рада депутаттары 21 мамырда Ресей үкіметімен 1995 жылы жасалған Молдовада орналасқан Ресей әскерилерін Украина территориясы арқылы тасымалдау туралы келісімнің күшін жоюды қолдады. Украина парламенті бұған қоса әскери барлауда ынтымақтастық орнату және құпия ақпаратты бірлесіп қорғау туралы келісімдердің де күшін тоқтатты.

XS
SM
MD
LG