Accessibility links

Вице-министр: Ислам азық-түлік ұйымы жыл соңына дейін құрылады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан 2015 жылдың соңына дейін ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы құрылады деп жоспарлап отыр деп мәлімдеді Астана экономикалық форумында сөйлеген ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев.

"Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы жылдың соңына дейін құрылады деп үміттенеміз. Ұйым ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі элементтерінің бірі саналады.

Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы құрылса Қазақстан астығы мен басқа да азық-түлік түрлерін Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдеріне тасымалдауды ұйымдастыру, Қазақстанда және өзге де ұйымға мүше елдерде ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Ұйым құрылса қажетті шұғыл және гуманитарлық көмек те көрсетілмек.

Қазақстан 2014 жылы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру жарғысын ратификациялаған.

XS
SM
MD
LG