Accessibility links

Ақтөбе облысында қырылған киік саны мыңға таяды


Қостанай облысындағы Жолоба ауылына жақын жерде жүздеген киік өлекселерінің жанында лағымен бірге жайылып жүрген ұрғашы бөкен. 20 мамыр 2015 жыл.

Қостанай облысындағы Жолоба ауылына жақын жерде жүздеген киік өлекселерінің жанында лағымен бірге жайылып жүрген ұрғашы бөкен. 20 мамыр 2015 жыл.

Ақтөбе облысы аумағындағы Ырғыз-Торғай резерватында қырылған киік саны мыңға жуықтап қалды. Бұл туралы Азаттыққа Ырғыз ауданының әкімі Мейірхан Дуанбеков хабарлады. Аудан әкімі қырылған киіктің нақты санын атаған жоқ, тек “мыңға жуықтады” деумен шектелді. Әкімнің айтуынша, қырылған киіктердің басым бөлігі аналық бөкендер. Араларында аталықтар мен биылғы лақтар аз.

-Резерватта киіктің қырылуы тоқтады. Мамандар оқиға орнын залалсыздандырып жатыр. Өлекселер арнайы зертханаға жіберілді. Әзірше киіктің неден қырылғаны белгісіз, - деді Мейірхан Дуанбеков.

“Охотзоопром” кәсіпорны Ақтөбе филиалының директоры Сырым Қаласов болса, резерваттың Сұңқарқия деген жеріне кеткен әріптестерімен байланыса алмай отырғанын айтты. Сұңқарқия облыс орталығынан 600 шақырым жерде, ұялы байланыс жоқ.

Мамандар табиғатқа келтірілген шығынға алаңдап отыр. Сырым Қаласовтың сөзіне қарағанда, қазір бір киіктің құны 200 айлық есептік көрсеткішке тең.

18 мамыр күні Сұңқарқиядан алдымен 68 бас өлексе табылған болатын. Ертеңіне қырылған киік саны 100-ден асып кетті. Ал соңғы 4 тәулікте мыңға жуықтап қалды.

Қостанай облысында бірнеше күннен бері қырылған киік саны 28 мыңға жетті.

XS
SM
MD
LG