Accessibility links

Қырғызстанды "шетел агенті" туралы заңнан бас тартуға шақырды


Қырғызстан парламенті сессиясы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан парламенті сессиясы. (Көрнекі сурет).

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы қырғыз депутаттарын шетелден қаржы алатын және "саяси іс-әрекетпен" айналысатын жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) "шетел агенті" ретінде тіркеуден өтуге міндеттейтін заң жобасын мақұлдамауға шақырды.

HRW-дың 21 мамырда таратқан мәлімдемесінде "ҮЕҰ жұмысына мұндай орынсыз килігу ассоциация еркіндігіне қайшы келеді" делінген. Онда дайындалып жатқан заң жобасы Қырғызстанның мемлекеттік және халықаралық деңгейде адам құқықтарына қатысты міндеттемелерін бұзатыны айтылған.

19 мамырда Қырғызстан парламентінің адам құқықтары жөніндегі комитеті заң жобасын парламенттің толық құрамының қарауына шығаруды мақұлдаған. Құжаттың алғашқы оқылымы таяу күндерде өткізілуі тиіс.

2012 жылы Ресейде де дәл осындай заң қабылданған. Құқық қорғаушылар мен Батыс елдері "мұндай заң тәуелсіз ҮЕҰ-ларға қысым жасауға бағытталған" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG