Accessibility links

Обама: ИМ-мен соғыста жеңілмейміз


Анбар провинциясының Рамади қаласынан кетіп жатқан тұрғындар. Ирак, 20 мамыр 2015 жыл.

Анбар провинциясының Рамади қаласынан кетіп жатқан тұрғындар. Ирак, 20 мамыр 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Ирактың Рамади қаласының экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымының қолына өтуін "тактикалық сәтсіздіктен" болды деді. Бірақ оның сөзінше, одақтастар бұл ұйыммен соғыста жеңілмейді. The Atlantic журналына берген сұхбатында Обама "Біз әскери дайындық қарқынын арттырып, бұрынғыдан да белсенді болуымыз керек және процесске сүнниттік тайпаларды тарту қажет" деп мәлімдеді.

"Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары соңғы күндері Ирактың Рамади қаласы мен Сириядағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралары тізіміне кіретін тарихи ежелгі Пальмира қаласының жұрнақтарын басып алған. Кейбір ақпараттар бойынша, 21 мамырда содырлар Рамадидің шығысындағы аудандардан үкіметшіл әскери топтарды ығыстырып шығарған.

Рамадиден 20 километр қашықтықтағы Халидия базасына мыңдаған шиит жасақтары жеткізіліп, қарсы шабуылға дайындалып жатыр.

XS
SM
MD
LG