Accessibility links

Киевте наразылар парламент алдында түнеп қалды


Жоғарғы Рада алдындағы наразылық. Киев, 21 мамыр 2015 жыл.

Жоғарғы Рада алдындағы наразылық. Киев, 21 мамыр 2015 жыл.

Киевтің орталығында болған қақтығыстан полиция дерегі бойынша, бірнеше адам жараланып, күйік шалды. Киевте валюталық несиені қайта құрылымдауды талап еткен қарсылық акциясына қатысушылар түнде Жоғарғы Рада ғимаратында қонатын болып шешкен.

21 мамырда Жоғарғы Рада алдында шетел валютасымен алынған несие бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы заң қабылдануын талап еткен шерушілер көлік шиналарын өртеп, милиция бөгетін бұзып өтпек болған.

"Интерфакс-Украина" агенттігінің хабарлауынша, 21 мамыр күні кешке наразылық танытушылардың көпшілі Конституция алаңынан кетіп қалып, тек 40 шақты адам ғана қалған. Парламент үйі алдында да милиционерлер азайған.

Коммуналдық қызмет өкілдері жол жиегіндегі өртенген көлік шиналарының қалдықтарын тазалауға кіріскен. Грушевский мен Шелковичный көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы қалпына келтірілген.

XS
SM
MD
LG