Accessibility links

Ақмола облысында да киік қырылып жатыр


Қостанай облысындағы Жолоба ауылына жақын жерде жүздеген киік өлекселерінің жанында лағымен бірге жайылып жүрген ұрғашы бөкен. 20 мамыр 2015 жыл.

Қостанай облысындағы Жолоба ауылына жақын жерде жүздеген киік өлекселерінің жанында лағымен бірге жайылып жүрген ұрғашы бөкен. 20 мамыр 2015 жыл.

Ақмола облысында да бір мыңға тарта киік қырылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 мамыр күні Жарқайың ауданының Құмсуат ауылдық округі мен Жақсы ауданының Терісаққан ауылдық округі қиылысындағы территориядан шамамен бір мыңға тарта киік қырылғаны анықталған. Қазір қырылған киіктердің нақты саны есептеліп жатыр. Жақсы ауданының санитарлық-ветеринарлық қызметі киіктердің өлексесіне жануарлардың неден қырылғанын анықтау үшін сараптама жасап жатыр.

Ақмола - Қазақстанда киіктер жаппай қырылып жатқан осымен үшінші облыс. Бұдан бөлек Қостанай мен Ақтөбе облысында да мыідаған бас киік қырылып жатыр. 21 мамырдағы мәлімет бойынша, Қостанай облысының Амангелді ауданында қырылған киік басы 28 мыңға, Ақтөбе облысының Торғай-Ырғыз резерватында қырылған киік 1 мыңға жетіп қалғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG