Accessibility links

Алматыда жол-көлік оқиғасынан 6 бала зардап шекті


Жедел жәрдем көлігі, Алматы. (Көрнекі сурет).
Жедел жәрдем көлігі, Алматы. (Көрнекі сурет).

Алматыда бүгін мектеп автобусы жол-көлік апатына ұшырап, алты бала зардап шекті деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Mazda" жеңіл көлігінің жүргізушісі басты жолға шығып кетіп, шағын мектеп автобусымен соқтығысқан. Оқиғадан жараланған балалар ауруханаға жеткізілген.

Алматының денсаулық сақтау басқармасының өкілі Ләйлә Кеңесбаеваның айтуынша, бір бала №1 клиникалық балалар ауруханасына, бір бала №5 бет және жақ сүйегі ауруханасына жеткізілген.

Департамент жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталғанын айтады.

XS
SM
MD
LG