Accessibility links

АҚШ қаржы жүйесі несие ставкасын көтермек


АҚШ федералдық резерв жүйесі басшысы Джанет Йеллен.

АҚШ федералдық резерв жүйесі басшысы Джанет Йеллен.

АҚШ федералдық резерв жүйесі банкаралық несиенің пайыздық қайтарылымының көрсеткішін (ставкасын) жыл соңына дейін көтеруі ықтимал. Бұл туралы жұма күні федералдық резерв жүйесінің басшысы Джанет Йеллен мәлімдеген.

Род-Айленд штатында бизнесмендермен кездесуде Йеллен қазіргі кезде АҚШ экономикасында өсім байқалып отырғанын, егер бұл үрдіс жалғасса, несие ставкасын өсіруге бағытталған «алғашқы қадамдар жасау жөн болатынын» айтқан. Бірақ, ол үшін еңбек нарығындағы аухалдың жақсаруы жалғасып, инфляция өсімінің екі пайызға өсуі қажет деген ол.

АҚШ федералдық резерв жүйесі 2008 жылдан бастап несиелік ставка мөлшерін рекордтық төмен деңгейде – нөлге жуық мөлшерде ұстап отыр. Бұл шара қаржы дағдарысы салдарынан ұзаққа созылған рецессияға тап болған АҚШ экономикасын жандандыру үшін елде экономикалық белсенділікті ынталандыру үшін жасалған.

Джанет Йеллен мәлімдемесінен соң АҚШ қор биржаларында акциялар бағамы аздап төмендеген.

XS
SM
MD
LG