Accessibility links

Дағыстанда белсендіні ұрлап әкеткен


Азаматтық белсенді Мухаммад Магомедов.
Азаматтық белсенді Мухаммад Магомедов.

Дағыстан астанасы Махачкалада «Союз справедливых» қоғамдық ұйымы жетекшілерінің бірі, белсенді Мухаммад Магомедовты белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. Дағыстан мемлекеттік университеті жанында Магомедовке шабуыл жасаған үш адам оны жеңіл автокөлікке салып белгісіз жаққа алып кеткен.

Сол маңда кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері болған оқиғаға араласпаған деп хабарлады Facebook әлеуметтік желісінде тағы бір белсенді Абакар Абакаров.

Мухаммад Магомедов Дағыстандағы коррупцияға қарсы шерулерге қатысқан. «Кавказский узел» интернет-басылымының деректері бойынша, 2014 жылы ол Мәскеуде расизмге қарсы митинг ұйымдастырмақ болған, бірақ қала билігі акцияны өткізуге рұқсат бермеген. Сонан кейін Магомедовтың үстінен «экстремистік ұйымға қатысқаны» үшін қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болған.

XS
SM
MD
LG