Accessibility links

"ЛХР": "Призрак" басшысы Алексей Мозговой қаза болды


Сепаратистік «Луганск халық республикасы» әскери жетекшілерінің бірі Алексей Мозговой. 29 тамыз 2014 жыл.
Сепаратистік «Луганск халық республикасы» әскери жетекшілерінің бірі Алексей Мозговой. 29 тамыз 2014 жыл.

Украинаның шығыс аймағында өзін өзі жариялап алған «Луганск халық республикасы» («ЛХР») әскери жетекшілерінің бірі – «Призрак» бригадасының басшысы Алексей Мозговойдың қаза тапқаны туралы хабарланды.

«ЛХР» «бас прокурорының» бірінші орынбасары Сергей Горенконың айтуынша, шабуыл жасағандар Перевальск – Луганск тас жолында Мозговойдың көлігін алдымен жарып жіберген, кейін пулеметтен атқылаған.

Ресейлік Life News сенбі күні Мозговойдың көлігіне жасалған шабуылдан оның баспасөз хатшысы Анна және тағы бірнеше адам өлген деп хабарлады. «Интерфакс» агенттігі Алексей Мозговойға қарсы бұған дейін бірнеше мәрте қастандық әрекеттері болғанын жазады.

Сәуір айының басында «Росбалт» агенттігіне берген сұхбатында Мозговой «ЛХР» басшылығын коррупцияға қатысты айыптаған.

Еуропа Одағы Алексей Мозговойды Украинадағы жанжалға қатысты санкциялық тізіміне енгізген.

Мозговой басқарған «Призрак» батальоны Луганск облысындағы металлургиялық комбинат орналасқан Алчевск қаласын бақылауда ұстаған.

XS
SM
MD
LG