Accessibility links

Рамзан Кадыров - Шешенстандағы «Ночные волки» лидері


Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров «Ночные волки» мотоклубының Шешенстанда жаңадан ашылған бөлімшесінің лидері болуға келісім берген. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парағында хабарлаған Кадыров мотоклубтың идеясы мен мақсатын толық қолдайтындығын айтқан.

Кадровтан бірге «Ночные волки» мотоклубының Шешенстандағы бөлімшесіне осы республиканың тағы 15 тұрғыны мүше болып енген. Олардың барлығы «мотоклуб антын» қабылдап, клуб жетекшісі Александр Залдостановтың қолынан арнайы символикасы бар былғары жилет алған.

Александр Залдостанов Шешенстанда «Ночные волки» мотоклубы бөлімшесінің ашылуын Ресейдің бірігуінің нышаны деп бағалаған. Ол Кадыровты «жауынгер» деп атап, «оның іс-әрекетіне көп нәрсе байланысты» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG