Accessibility links

Донецк облысында атыстан бір тұрған қаза тапқан


Донецк облысындағы Авдеевка қаласының көрінісі.
Донецк облысындағы Авдеевка қаласының көрінісі.

Украинаның Донецк облысындағы Авдеевка қаласын атқылау барысында жергілікті бір тұрғын қаза тауып, екі адам жараланған. Бұл туралы Украина ішкі істер министрлігі облыстық басқармасы басшысы Вячеслав Аброськин хабарлаған. Ол қаланы сепаратистер атқылағанын, снаряд түскендіктен жергілікті коксохимия зауыты жұмысын тоқтатқанын айтады.

Украина армиясы басшылығы соңғы тәулікте Донбаста бес әскери қызметкер жараланғанын хабарлады. Әскерилердің мәліметі бойынша, тәулік ішінде сепаратистер украина әскерінің Донецк және Луганск облыстарындағы позицияларын 16 рет атқылаған және Минск келісімі бойынша тыйым салынған калбирлі қаруды қолданған.

Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» болса украиналық әскерилер атысты тоқтату режимін өткен түнде 36 рет бұзған деп хабарлады. Сепаратистердің сөзінше, оларды минометтерден, зениттік қондырғылар мен атыс қаруынан атқылаған.

XS
SM
MD
LG