Accessibility links

"Хезболла" Сириядағы белсенділігін арттырмақ


"Хезболла" ұйымы жетекшісі Шейх Хасан Насралла.
"Хезболла" ұйымы жетекшісі Шейх Хасан Насралла.

"Хезболла" қарулы тобының жетекшісі Шейх Хасан Насралла топ жасақтары Сириядағы азаматтық соғысқа үкімет әскері жағында белсенді қатыса бастайтынын мәлімдеді. Израиль әскерінің Ливаннан шығарылғанына бір жыл толғанына орай сөйлеген Насралла "Хезболла" экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымымен және онымен байланысы бар "Әл-Қаида" ұйымымен күресетінін айтты.

"Біз өзімізді қажет еткен жерден табыламыз" деген Насралла "Хезболла" жасақтары қазір Сирияның "көптеген жерінде соғысып жүргенін" және талап етілген жерде белсенділікті арттыратынын айтты. Белгісіз жерден сөйлеген "Хезболла" жетекшісінің сөзі үлкен экранда таратылды.

Иран қолдайтын "Хезболла" Сирия президенті Башар Асадтың сенімді одақтасы.

Өткен аптада Сирия үкіметі әскері бірнеше жеңіліске ұшырап, оның ішінде "Ислам мемлекеті" содырларына тарихи Пальмира қаласын алдырып қойған.

XS
SM
MD
LG