Accessibility links

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылды


Ауыл мектебіндегі соңғы қоңырау. (Көрнекі сурет).

Ауыл мектебіндегі соңғы қоңырау. (Көрнекі сурет).

Бүгін, 25 мамырда Қазақстан мектептерінде дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды.

Білім және ғылым министрлігі бұған дейін биыл Қазақстан мектептерін 124 мың 346 түлек бітіретінін хабарлаған. Олардың 84 мың 248-і мектепті қазақ тілінде, 40 мың 62-сі орыс тілінде бітірмек. Түлектердің 87 мың 770-і ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. 4 мың 498 түлек "Алтын белгіден" үміткер.

Министрлік бұған қоса биыл түлектердің Ұлттық бірыңғай тестті (ҰБТ) тапсыруына қатысты біраз өзгеріс енгізген. Биыл ҰБТ тапсыруды ұйымдастыру жұмыстарына түсетін жүктемені жеңілдету үшін ҰБТ тапсыратын орын саны 10-ға көбейіп, 165-ке жетпек. Осыған байланысты ҰБТ тапсыру маусымның 2-сінде басталып, 15-іне дейін, яғни екі аптаға созылады.

Биыл бұдан өзге түлек ҰБТ нәтижесін бұрынғыдай аты-жөні арқылы емес, өзіне берілетін идентификациялық нөмірі арқылы ғана біле алады.

XS
SM
MD
LG