Accessibility links

Бішкекте мектептегі жыныстық тәрбиеге наразылық танытты


Қырғызстандық мектеп оқушылары. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандық мектеп оқушылары. (Көрнекі сурет).

Бішкекте бүгін парламент үйі жанында "Азаматтардың репродуктивтік құқықтары құқықтары және оларды іске асырудың кепілдіктері туралы" заң жобасына наразылық акциясы өтті деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Он шақты адам қатысқан акцияны "Баатыр Орда" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Бірлестік өкілі Әділ Назаровтың айтуынша, парламенттің өткен аптада бекіткен аталған заң жобасында мектептерде жыныстық тәрбие жайлы оқыту қарастырылған. Ол мұндай тәрбие қырғыздың ұлттық дәстүрлеріне қайшы келетінін айтады.

Акцияға қатысушылар Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты аталған жобасына қол қоймауға шақырды.

XS
SM
MD
LG